Бокс

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Токиодағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Токиодағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан қыздар арасында Токиоға жалғыз жолдамаға ие болған Надежда Рябец шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейін салмақта жұдырықтасатын спортшымыз канадалық Тарама Тибомен кездесті. 20 жастағы Надежда тәжірбиелі қарсыласынан 1:4 есебімен ұтылды.

Еске салайық, бұрымды боксшымыз жастар Олимпиадасында үшінші орыннан көрінсе, жасөспірімдер арасындағы әлемдік жарыста топ жарған еді. Ал 24 жастағы канадалық әлемдік додада қола жүлдеге ие болған.

Айта кетейік, кеше Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит те жарыс жолынан шығып кетті.

Токио-2020. 28 шілде күні жарыс жолына кімдер шығады

Қазақ боксы үшін сәтсіз күн. Токиодағы бесінші жарыс күнінің қорытындысы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер