Токио-2020. 28 шілде күні жарыс жолына кімдер шығады

2020 жылғы Токио Олимпиадасының алтыншы сайыс күні қазақстандықтар бірнеше спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 шілде күні жерлестеріміз спорттың сегіз түрінен жарысқа қатысады. Велоспорттан Қазақстан атынан жалғыз қатысатын Алексей Луценко жекелей сында бағын сынайды. Дзюдан ерлер арасында Ислам Бозбаев жарысты бастайды. 90 келі салмақта күресетін спортшы бразилиялық Рафаэль Маседомен кездеседі.
Бүгін екі бірдей боксшымыз жарыстан шығып, ұнжырғамыз түскен жайымыз бар. 27 шілде қазақстандық спортшылар үшін сәтті болмады. Ертең қыздар арасында Надежда Рябец канадалық Тарама Тибомен жұдырықтасады. Ал алғашқы айналымнан сүрінбей өткен Серікжан Теміров 1/8 финалда АҚШ азаматы Дюк Раганмен кездеседі. Алтыннан алқа тағады деп үміт артып отырған Бекзад Нұрдәулетов турнирдегі бірінші жекпе-жегін өткізеді. Әлем чемпионы Бекзадтың алғашқы қарсыласы - ресейлік Имам Хатаев.
Сондай ақ, теннисші Елена Рыбакина ширек финалда испаниялық Гарбинье Мугурусаға қарсы матч өткізеді. Ярослава Шведова пен Андрей Голубев аралас жұптық сында жарыс жолына шығады.
Спорттық гимнастиканың үш түрінен финалға шыққан Милад Карими ел қоржынына медаль салуы мүмкін. Жерлесіміз ертең көпсайыс финалында өнер көрсетеді. Еркін жаттығудан финалдық бәсеке 1 тамызға, гимнастикалық кермедегі финал 3 тамызға жоспарланған.
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин брасс әдісімен жүзуде финалға шығуға талпынып көрмек.
28 шілдедегі сайыстар кестесі
Садақ ату. Ерлер, жекелей сын, 1/32 финал
06:30. Санжар Мұсаев - Ван Дапэн (Қытай)
Дзюдо. Ерлер, 90 келі
08:00. Ислам Бозбаев - Рафаэль Маседо (Бразилия)
Жүзу. Ерлер. 200 метр. Брасс, жартылай финал
08:21. Дмитрий Баландин
Бокс. Әйелдер, 75 келі. 1/8 финал
09:03. Надежда Рябец - Тарама Тибо (Канада)
Бокс. Ерлер. 1/8 финал.
9:51. 57 келі. Серік Теміржанов - Дюк Раган (АҚШ)
10:39. 81 келі. Бекзад Нұрдәулетов - Имам Хатаев (РОК)
Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Ширек финал
11:00. Елена Рыбакина - Гарбинье Мугуруса (Испания)
Велоспорт. Ерлер, жекелей жарыс
12:08. Алексей Луценко
Теннис. Аралас жұп, 1/8 финал
14:00. Ярослава Шведова/Андрей Голубев - Эна Сибахара/Бен Маклахлан (Жапония)
Спорттық гимнастика. Ерлер, көпсайыс. Финал
16:15. Милад Карими
Токио төрінен хабар таратып жүрген Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулеттің материалдарын оқи отырыңыздар:
Олимпиада чемпионы атанған ең жас спортшы кім
Зүлфия Чиншанло: Олимпиада қоласы - мен үшін үлкен нәтиже
Сәкен Бибосынов: Қазақ елін жеңіспен қуантқым келді
Спорт үшін елінен қашқан босқындар құрамасы
Елдос Сметов: Бағым мен бабым келіссе, Париж Олимпиадасына баруға дайынмын
Фото. Жеңіс Ысқабай