Бокс

Сәкен Бибосынов: Қазақ елін жеңіспен қуантқым келеді

Сәкен Бибосынов: Қазақ елін жеңіспен қуантқым келеді
news-banner7
mobile-news-top

Боксшылар арасынан үшінші болып шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов алғашы айналымда Пуэрто-Рико спортшысы Ривера Фигуеро Янкелді жеңген соң жекпе-жек жайлы пікірін білдірді.

- Бірінші жекпе-жегімде жеңіске жеттім. Алғашқы раундта рингті сезіне алмай, бір-екі қателік болды. Сосын үйреніскен соң, өз тактикамызды қолдандық. Енді келесі жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып, қазақ елін тағы бір жеңіспен қуантуға тырысамын.

Жеке бапкерім жекпе-жекте тыңғылықты жоспар жасап берді. Алдыңғы қолмен көп жұмыс жасап, қарсыласты жақындатпау керек болды. Бірінші раундта кішкене қателік болып, қарсыласым жақын жұдырықтасты. Дегенмен екінші және үшінш раундта бапкерімнің жоспарын орындап, соның арқасында жеңіске жеттім. Алдағы жекпе-жектерде мұндай қателіктер болмайды деп ойлаймын.

Олимпиада оңай қарсылас жоқ. Бәрі іріктеуден өткен, тыңғылықты дайындалған. Әркім өз елінің атын шығару үшін бар күш-жігерін салады. Оңай қарсылас жоқ, дегенмен бәрін дайынбыз, деді боксшы.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер