Маңызды жеңіс. «Қайрат» «Црвена Звездадан» басым түсті

Маңызды жеңіс. «Қайрат» «Црвена Звездадан» басым түсті
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Црвена Звезданы» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жұптың бірінші матчы Алматыда өтті. Алаң иелері үзіліске дейін белсенді ойнады. 24-минутта бұрыштан әуелеген допты Хосе Канте қақпада тулатты.

Бірақ алматылықтар сапынан бірден екі ойыншы бірінші таймда жарақат алып қалды. Алдымен Небойша Косович 12-минутта матчты аяқтауға мәжбүр болды, ал үзіліс жақындаған тұста команда капитаны Ғафуржан Сүйімбаев жарақаттанды.

Бұл да өз әсерін тигізсе керек, үзілістен кейін сербиялықтар белсендірек ойнай бастады. 57-минутта қарымта шабуыл кезінде Дино Миканович допты өз қақпасына соғып алды.

Дегенмен, алматылықтар жеңісті жұлып әкетті. 79-минутта айып алаңында қараусыз қалған Маки Баньяк гол соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 2:1.

Енді командалардың қарымта матчы 28 шілдеде Сербияда өтеді. Алматылықтар үшінші іріктеу кезеңіне шығуы үшін жеңілмесе жеткілікті.

Чемпиондар лигасы-2021/22. Іріктеу кезеңі. 2-тур. Бірінші матч.

«Қайрат» – «Црвена Звезда» 2:1 (1:0)

Голдар: Канте 24, Баньяк 79 – Миканович а/г 57.

«Қайрат»: С. Покатилов (Қ), Сүйімбаев (К) (Буранчиев 46, Алықұлов 76), Әліп, Дугалич, Миканович, Оганесян, Поляков, Косович (Вороговский 12), Шушеначев (Баньяк 68), Лав, Канте.

«Црвена Звезда»: Борян (Қ, К), Родич, Панков, Драгович, Гаич, Иванич (Г. Канга 68), С. Саного, Крстичич, Катай (А. Бакайоко 84), Павков (Дьони 46), Бен-Набуан (Фалько 90).

21 шілде. Алматы. «Орталық».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер