ММА

Агапова UFC гонорарын қалай жұмсағанын айтты

Агапова UFC гонорарын қалай жұмсағанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы – Мария Агапова Youtube-тегі «Ушатайка: Спорт-Экспресс» арнасына берген сұхбатында алғашқы жекпе-жектегі үшін алған 50 мың доллар бонусын қалай жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Prosports. kz.

«Пәтерімнің жөндеу жұмысына 10 мың доллар жұмсадым. Қалған ақшаға машина сатып алдым. Онымен апатқа ұшырадым, екінші машина сатып алдым. Одан бөлек әдемі әшекей бұйымдар алдым, жеке күтімге, косметикаға жұмсадым. Бір жыл ішінде сәнді өмір жеткілікті болды, мен ештеңеден бас тартпадым, өзіме керек заттардың бәрін алдым, мейрамханаларға бардым, қалағанымды жеп-іштім», - дейді Агапова.

Еске салайық, келесі жекпе-жекте Агапова Сабина Мазомен жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 қазанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;