Әлем футболы

Бенитес бұрынғы шәкіртін «Эвертонға» шақырды

Бенитес бұрынғы шәкіртін «Эвертонға» шақырды
news-banner7
mobile-news-top

«Эвертон» футбол клубы англиялық жартылай қорғаушы Андрос Таунсендті қатарға қосты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клуб ресми мәлімдеді. Келісімшарт екі жылға жасалды.

30 жастағы ойыншының «Кристал Пэласпен» келісімшарты биыл аяқталып, еркін агент атанған.

Айта кетерлігі, «Эвертонның» қазіргі бапкері Рафаэль Бенитес пен Таунсенд бұрыннан таныс. Бенитес «Ньюкасл Юнайтедті» баптап жүргенде, Таунсенд аталған клубта ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер