Бокс

Сәкен Бибосынов: Олимпиада басталатын күнді асыға күтудеміз

Сәкен Бибосынов: Олимпиада басталатын күнді асыға күтудеміз
news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Сәкен Бибосынов жарыс басталатын күнді асыға күтіп жүргенін жеткізді деп жазады Olympic.kz.

"Олимпиада ауылына орналасып, жаттығуымызды өткізіп, көңіліміз біраз жайланды. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Көңіл-күйіміз де керемет.

Карантинге байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Бұл өте дұрыс шешім, өйткені, Олимпиадаға қатысушылардың денсаулығы бірінші орында тұруы тиіс.

Күн сайын ПТР тест тапсырып, денсаулық жағдайымыз туралы есеп береміз. Олимпиадаға тыңғылықты дайындалдық. Енді бар күшімізді шаршы алаңда саламыз", - дейді Сәкен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер