Әлем футболы

Гризманн «Атлетикоға» оралуға көнді

Гризманн «Атлетикоға» оралуға көнді
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» шабуылшысы Антуан Гризманн мен «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Сауль Нигез клуб ауыстыруға келісім берді. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Каталондықтар мен «матрасниктер» ойыншылар ауыстыру туралы келіссөздер жүргізіп, ықтимал келісімнің жай-жапсарын талқылап жатыр. «Барселона» Гризманн үшін үстемақы алғысы келеді.

Клубтардың ешқайсысы ойыншылардың құнын өзгертпеуі үшін жағдайды Ла Лига бақылап отыр. Испанияда ойыншыларды тікелей алмастыруға тыйым салынады. Бұл мәміле екі түрлі трансфертпен ғана жасалуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер