Қазақстандық мергендер Алматыда Олимпиадаға дайындалуда
Стенд атудан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Токио Олимпиадасы алдындағы жаттығу жиыны Алматы қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық мергендер бүгінде Алматы қаласында орналасқан А.Асанов атындағы ату клубында дайындықтарын пысықтап жатыр.
Токио төрінде ел намысын Зоя Кравченко мен Әсем Орынбай қорғайтын болады.
Төртжылдықтың басты додасы алдында жоспарланған жаттығу жиыны 16 шілдеде аяқталады.
Айта кетерлігі, оқу-жаттығу жиындары санитарлық-эпидемиологиялық қатаң талаптарды сақтай отыра ұйымдастырылған
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или