Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені анықталды

Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені анықталды

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Роналду бұл турнирде бес гол соққан - бәрі де топтық кезеңде. Венгрия мен Франция құрамаларына екі, Германия қақпасына бір доп салған. 

Чехия құрамасының форварды Патрик Шиктің де еншісінде бес гол бар. Бірақ Роналду одан қосымша көрсеткіштер бойынша алда тұр. Португалия капитаны бір нәтижелі пас берген. Оның үстіне, Роналду Шикке қарағанда аз ойнаған.

Сонымен қатар, Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема, швециялық Эмиль Форсберг, ағылшын Харри Кейн мен бельгиялық Ромелу Лукака биылғы құрлықтық жарыста төрт голдан салған.  

Еске салайық, Еуро-2020 турнирі 11 маусым мен 11 шілде арасында өткен. Турнир жеңімпазы - Италия құрамасы. Команда финалда Англия құрамасын пенальти сериясында жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0