Қазақстандық шахматшылардың әлем кубогындағы қарсыластары анықталды
Сочиде (Ресей) 12 шілде мен 6 тамыз аралығында өтетін әлем чемпионатына Қазақстанның төрт өкілі қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасындағы әлем кубогына үш қазақстандық шахматшы щықты - халықаралық гроссмейстер Жансая Абдумалик және халықаралық шеберлер Динара Садуакасова мен Бибісара Асаубаева. Бибісара Асаубаева 1/64 финалда кубалық Йерисбель Миранда Лланеспен ойнайды. Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова жарыс жолын 1/32 финалдан бастайды. Егер Асаубаева бірінші айналымда жеңіске жетсе, екінші айналымда Абдумаликпен ойнайды. Динара Сәдуақасова 1/32 финалда Клаудия Кулон (Польша) мен Дженнифер Ю (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстандық Ринат Джумабаев ерлер арасындағы әлем кубогында бақ сынайды. Ол 1/128 финалда сириялық Башир Эйтимен ойнайды.
Жарыс ережесі бойынша қарсыластар әр кезеңде екі ойыннан өткізеді. Тең түскен жағдайда шахматшылар жеңімпаз анықталғанға дейін әрқайсысы қысқартылған ережелермен екі ойын ойнауға мәжбүр болады.