Әлем футболы

Англия - Дания матчының тікелей трансляциясы

Англия - Дания матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

7 шілдеге қараған түні Лондондағы «Уэмбли» стадионында футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия мен Дания құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия құрамасы Еуро жартылай финалында 1996 жылдан бері ойнайды. Биылғы турнирде команда әлі гол жіберген жоқ.

Ал Данияға осы турнирде көп адам жанкүйер болғаны анық. Команда өте әсерлі футбол көрсетіп жүр.

Англия мен Дания 23 рет кездескен. 13 ойында Англия, 5 кездесуде Дания жеңген.

Англия – Дания матчын Qazaqstan мен Qazsport телеарналары көрсетеді, тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Ойынды мына сілтемелерден қарауға болады: 1-СІЛТЕМЕ және 2-СІЛТЕМЕ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер