Бразилия құрамасының ойыншылары Америка Кубогына қатысатынын мәлімдеді

Бразилия құрамасының ойыншылары Америка Кубогына қатысатынын мәлімдеді

Америка Кубогына қатысудан бас тартқан Бразилия құрамасының ойыншылары шешімін өзгертті.

Мамыр айында құрлықтық бәсеке Аргентинадан Бразилияға ауыстырылған еді. Жарыс 13 маусым мен 10 шілде арасында өтеді деп жоспарланған.

Бразилия құрамасының ойыншылары жарыстың өтетін орнының ауысуы жайлы хабарсыз болғанына қапалы. Олар БАҚ-тан Америка Кубогының Бразилияда өтетінін естіген соң жергілікті футбол федерациясының басшылығымен сөйлескен.

Осыдан кейін футболшылар Бразилияда өтетін Америка Кубогына қатыспау туралы шешім қабылдаған. Мұны бас бапкер Тите де растады.

Күні кеше Бразилия құрамасының ойыншылары жанкүйерлеріне Америка Кубогына қатысатыны жайлы мәлімдеме жасады. Оның ішінде команданың белді ойыншылары Неймар, Тиаго Силва, Алиссон мен Каземиро инстаграм парақшасында бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0