Даррен Диц: Қазақстан құрамасында ойнағанымды мақтан етемін

Даррен Диц: Қазақстан құрамасында ойнағанымды мақтан етемін

«Барыстың» хоккейшісі Даррен Диц Ригада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жейдесінде өнер көрсеткенін мақтан тұтатынын айтты.

«Әр жаңа елге келген сайын Қазақстанға келгендей күтіп алады. Мен мұны мақтан тұтамын. Қазақстан жейдесінде әлем чемпионатында ойнағанымды мақтан етемін және осы істі жалғастыра беремін», — деді Диц chatnewstoday басылымына берген сұхбатында.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне өте алмады. Бірақ топтық кезеңде Германия, Финляндия, Латвия, Италия құрамаларын жеңіп, тарихи көрсеткішке қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или