«Ролан Гаррос»: Қазақстандық теннисші Серена Уильямсты жеңіп, ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан теннистен Францияның ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингте 22-орын иемденіп тұрған Рыбакина төртінші айналымда америкалық Серена Уильямсты 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.
Рыбакинада 4 эйс жасады. Жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Қазақстандықтың келесі қарсыласы ресейлік Анастасия Павлюченкова болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или