Хоккейден ӘЧ: ширек финалдағы алғашқы жұптар белгілі болды

Хоккейден ӘЧ: ширек финалдағы алғашқы жұптар белгілі болды

Хоккейден Ригадағы әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі кезекті матчтар өтті. АҚШ құрамасы Италияны 4:2 есебімен жеңсе, Чехия Словакиядан басым түсті - 7:3, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Осылайша, АҚШ В тобында 18 ұпаймен бірінші орын алды. Италиялықтар бір ұпай да еншілей алмай, турнирмен қоштасты. Словакия құрамасы А тобында 12 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады. Ал 13 ұпай жинаған чехтар үшінші орын алды. 

Енді ширек финалда АҚШ пен Словакия кездеседі. Сондай-ақ, 1/4 финалда Чехия мен Финляндия күш сынасады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или