Моуриньоның баптайтын келесі клубы белгілі болды

Моуриньоның баптайтын келесі клубы белгілі болды

«Рома» ресми сайтында Жозе Моуриньюді команданың бас бапкері қызметіне тағайындағанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тараптар келісімшарт мерзімін 2024 жылдың маусымына дейін жасады. Маман римдіктерді жаңа маусымнан бастап баптайды.

«Біз Жозе Моуриньоны <span>«Ромада» құшақ жая қарсы аламыз</span>. Жозе - барлық деңгейдегі кубоктарды жеңіп алған чемпион және біздің жобамызға керемет көшбасшылық пен тәжірибе ұсынады. Жосемен келісімшартқа қол қою - бұл біздің клубта жеңіске жететін және тұрақты менталитет қалыптастыру жолындағы үлкен қадам», - деп мәлімдеді «Рома» иелері.

Моуриньо сәуір айында «Тоттенхэмнен» кетті. «Ромада» Жозе отандасы Паулу Фонсеканы алмастырады. Римдіктер маманның маусымның соңында кететін бұған дейін жариялаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или