Қайрат Оразбеков: Екі алпауыт клубтың тартысын бәрі тағатсыздана күтеді

Қайрат Оразбеков: Екі алпауыт клубтың тартысын бәрі тағатсыздана күтеді

Бүгін алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының ширек финалында лиссабондық «Бенфикамен» кездеседі. Клуб празиденті Қайрат Оразбеков маңызды ойында командамен бірге болу үшін Хорватияға аттанды.

Prosports.kz тілшісі Қайрат Оразбековке матч жайлы сұрақтар қойды.

- Хорватиядан алған әсерлеріңіз қандай? Задар футзалдан Чемпиондар лигасындағы «Сегіздік финалды» қалай өткізеді деп ойлайсыз?

- Бастапқыда турнирді ел астанасы Загреб қаласы қабылдауы керек еді. Алайда «Загреб Арена» коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын ауруханаға айналды. Сондықтан УЕФА турнирді басқа қалаға көшіруге мәжбүр болды.

УЕФА «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жеңісін еске алды

Бәрі жақсы ұйымдастырылған. Әлемдегі қиын ахуалға қарамастан, жоғары деңгейлі жарысты өткізіп отырған УЕФА-ға алғыс айтуымыз керек. Хорватиядағы эпидемиологиялық жағдай да нашарлап барады. Бірақ біз орналасқан қалада бәрі қалыпты. 

Задар Адриат теңізінің жағасында орналасқан. Айтпақшы, бұл қалада Хорватия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» аңызға айналған футболшысы Лука Модрич туған. Задар көшелерімен жүріп өтіп, бірнеше футбол алаңдарын көрдік. Қала тұрғындарының саны 80 мыңға жуықтайды, бірақ футбол мен футзал ойнауға арналған залдар да, алаңдар да жеткілікті.

«Бенфикамен» матч алдындағы «Қайрат» командасының физикалық және эмоционалдық дайындығына қандай баға бересіз?

- Команданың ПТР сынағының нәтижелері жаңа келді. Құдайға шүкір, бәрі жақсы, бәрі сау, біз үшін бұл үлкен эмоционалдық серпіліс. Өйткені команданың әрбір мүшесі маңызды. Физикалық және тактикалық тұрғыдан барлық жігіттер дайын.

- Бапкерлер штабы жарақат алған Савионың орнына кімді шығарады?

- Жылына бір рет өткізілетін маңызды турнирге қатыса алмау өкінішті. Савио енді келесі маусымға дайындалады. Кака бастаған біздің жаттықтырушылар құрамы қандай қиын мәселе болса да, шешімін табады. Екінші қақпашымыз Дуду да матчқа қатыса алмайды. Сол үшін Алматыдан тағы бір қақпашыны шақырттық.  Әлемнің ең үздік қақпашысы Игитамыз маңызды ойынға сақадай сай. 

«Қайрат» қақпашысы COVID-19 жұқтырды. Оның орнына 19 жастағы қақпашы шақырту алды

«Аятпен» өткен Қазақстан чемпионатының жартылай финалының тағдыры үш ойында ғана шешіле салды? Бұл ойыншылардың бәсекелестік тонусына әсер ете ме?

- Турнир алдында Қазақстан чемпионатында маңызды ойындар өткіздік. Матчтарды Чемпиондар лигасына дайындық ретінде пайдаландық. «Қайратпен» деңгейлес «Норильск Никелмен» болған кездесуде ойыншылардың жағдайын байқадық.

- Турнир көрерменсіз өтеді. Қай командаға пайдалы болуы мүмкін?

Жанкүйерлердің қолдауы ауадай қажет. Бірақ бұл Чемпиондар лигасы, төрешінің ысқырығынан кейін бәрі ұмытылады. Шоу, жан алып, жан беріскен тартысты ойын басталады. Біз тікелей трансляция арқылы тамашалайтын көрермендер үшін ойнаймыз. Екі алпауыт клубтың тартысынан барлық футзал жанкүйерлері ләззәт алады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или