Футзал

«Қайрат» ресейлік клубпен жолдастық матч өткізді

«Қайрат» ресейлік клубпен жолдастық матч өткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Бенфикаға» қарсы матч алдында жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Алматылық клуб Ресейдің «Норильский никель» командасымен кездесті. Матч 2:2 есебімен аяқталды.

«Қайрат» сапынан қос голды Альберт Акбаликов пен Дәурен Тұрсағұлов соқты.

«Норильский никель» - 2020/21 жылғы Суперлига (футзалдан Ресей чемпионаты) көшбасшыларының бірі. Соңғы бір айда команда Суперлигада төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Бенфика» арасындағы матч Хорватияның Задар қаласында өтеді. Ойын 28 сәуірде елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер