Футзал

«Қайрат» қақпашысы COVID-19 жұқтырды. Оның орнына 19 жастағы қақпашы шақырту алды

«Қайрат» қақпашысы COVID-19 жұқтырды. Оның орнына 19 жастағы қақпашы шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының ширек финалы аясындағы «Бенфикаға» қарсы супер матч алдында «Қайрат» ойыншылары коронавирусқа қарсы тест тапсырды. Сынақ нәтижесі қуантарлық емес, деп жазады Prosports.kz.

Алматылық клубтың екінші қақпашысы Дудудың тесті оң нәтиже көрсетті. Ол енді командасына көмектесе алмайды. Тәжірибелі ойыншы карантинге жабылды.

Оның орнына клубтың жас тәрбиеленушісі Нарун Серіков шақырту алды.

19 жастағы Серіков әлі алаңға шыққан жоқ. Бірақ «Қайраттың» ресми тіркелген ең жас қақпашысы ретінде рекорд орнатты. Бірінші нөмірлі қақпашы - Игита. Серіков негізгі командамен 2020 жылдың күзінде келісімшартқа отырған.

Алматылық клуб «Бенфикамен» кездесу алдында Дудудан бөлек тағы бір ойыншысынан айырылған. Бұған дейін Савио Валадарес жарақатына байланысты Чемпиондар лигасының матчына қатыса алмайтыны белгілі болды.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Бенфика» арасындағы матч Хорватияның Задар қаласында өтеді. Ойын 28 сәуірде елорда уақытымен 19:00-де басталады.

УЕФА Чемпиондар лигасы: Савио «Бенфикаға» қарсы ойнамайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер