Футзал

УЕФА Чемпиондар лигасы: Савио «Бенфикаға» қарсы ойнамайды

УЕФА Чемпиондар лигасы: Савио «Бенфикаға» қарсы ойнамайды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Чемпиондар лигасы ширек финалында «Бенфикаға» қарсы матчта алматылық клубтың кей ойыншысы алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» АФК ойыншысы Савио Валадарес португалиялық клубқа қарсы матчқа дейін жарақатынан айығып үлгермеді, ол командамен бірге Хорватияға ұшпаған. Чемпиондар лигасы «Сегіздік финалы» Хорватияда өтеді.

Бірақ турнирдің келесі матчында 27 жастағы румыниялық жарақатынан айығып үлгереді деп күтіліп отыр.

Еске салайық, УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Қайрат» - «Бенфика» матчы 28 сәуірде хорватиялық Задар қаласында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын QazSport телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер