Бокс

Момынов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады

Момынов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан уақытымен 23 сәуір таңертең қазақстандық Бобиржан Момынов Вест Пойнтта (Нью-Йорк, АҚШ) кәсіпқой рингтегі 13-жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз 23 жастағы мексикалық Анхель Руиспен жұдырықтасты.

Алғашқы төрт раундта қазақстандық боксшы басымырақ көрінген. Бірақ Момынов бірінші және бесінші раундта қарсыласын белден төмен ұрып, бір ұпай жоғалтты.

Сонымен қатар, Қазақстандық боксшы бесінші және жетінші раундта нокдаунға түсіп қалды. Ал өзі қарсыласын құлататындай жойқын соққы жасай алмады.

Сегіз раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан мексикалық боксшыға берді. Үш төреші де минималды басымдылықпен Анхель Руис жеңді деп есептеді - 75:74, 76:73, 76:73.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер