Бокс

Головкинмен бе? Хайме Мунгуйя рингке 19 маусымда оралады

Головкинмен бе? Хайме Мунгуйя рингке 19 маусымда оралады
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Хайме Мунгуйя рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Golden Boy Promotions мәліметінше, бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы 19 маусымда жекпе-жек өткізеді.

Еске салайық, Мунгуйя 23 сәуірде жекпе-жек өткізуі керек болған, бірақ екеуі де болмай қалды: алдымен поляк Мацей Сулецки жарақаттанды, кейін Деметриус Баллард та жарақат алған. Сондықтан Хайме рингке маусымда оралады.

Әзірше мексикалық боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз. Кездесу Эль-Посода өтеді және транссляцияны DAZN көрсетеді.

Геннадий Головкин и Хайме Мунгуйя

Геннадий Головкин и Хайме Мунгуйя

Айта кетейік, Геннадий Головкин мамыр не маусымда жекпе-жек өткізбек.

Бұған дейін GGG мен Мунгуйя биыл көктемде жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз жүргізген. Бірақ екі тарап келісе алмай қалған еді.

Геннадий мен Хайме келіссөзді қайта бастап, кездесуде келісуі мүмкін. Екі боксшы да бұл жекпе-жектен кетәрі емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер