Қазақстандық шабуылшы польшалық клуб орнына «Қайратқа» ауысады

Қазақстандық шабуылшы польшалық клуб орнына «Қайратқа» ауысады
news-banner7
mobile-news-top

19 жастағы шабуылшы Денис Митрофанов польшалық «Висла» сапына ауыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығысқазақстандық «Алтай» түлегі наурыз соңында краковтік клубқа аттанған, бірақ медициналық тексерістен өте алмады.

Енді футболшы алматылық «Қайратқа» ауысып, Бірінші лигада жастар командасында ойнайды.

Бұған дейін форвард «Алтай» сапында өнер көрсетіп, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер