Live
Спорттағы коронавирус

Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі өтеді

Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі өтеді

7 сәуірде үш кезеңнен тұратын Қазақстан кубогының алғашқы екі кезеңіне арналға жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасы Кубогының алғашқы кезеңі үш бөліктен тұрады – бірінші, екінші және үшінші кезеңдер. Алғашқы кезеңге Бірінші және Екінші лигадан барлығы 14 футбол клуб қатысады. Олардың 12 жеребе қорытындысы бойынша өзара жұп құрап, бірінші кезеңде ойнады, ал қалған екі команда екінші кезеңнен бастап сынға түседі.
 
Бірінші кезеңнің барлық ойындары 2021 жылдың 22 сәуірде өтеді, ал екінші кезеңнің кездесулері 1 мамырға жоспарланған.
 
Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңдерінің қатысушылары: «Игiлiк», «Оқжетпес», «Ақсу», «Қыран», «Оңтүстік академиясы», «Мақтаарал», «Екібастұз», «Алтай», «SD Family», «Рузаевка», «Жас Қыран», «Яссы-Түркiстан», «Жеңіс», СДЮСШОР № 8 (Нұр-Сұлтан қ.).
 
Бірінші іріктеу кезеңі:
А ойыны: 1 – 2
В ойыны: 3 – 4
С ойыны: 5 – 6
D ойыны: 7 – 8
Е ойыны: 9 – 10
F ойыны: 11 – 12
 
Екінші іріктеу кезеңі:
А ойынының жеңімпазы – 13
В ойынының жеңімпазы – 14
С ойынының жеңімпазы – D ойынының жеңімпазы
E ойынының жеңімпазы – F ойынының жеңімпазы
 
Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімі 7 сәуірде елорда уақытымен 14:30-да басталады. Тікелей эфирде төмендегі терезе арқылы көруге болады.

Фото pflk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0