«Жас Қыран» Екінші лигаға қатысады

«Жас Қыран» Екінші лигаға қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласының «Жас Қыран» клубы 2021 жылғы маусымдағы футболдан Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир ережесіне сай «Жас Қыран» чемпионаттың «Солтүстік-Шығыс» конференциясында бақ сынайды.

«Жас Қыранда» жергілікті жас футболшылар отандық жаттықтырушылардың жетекшілігімен өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. Құрылтайшылардың жеке қаражаты есебінен клуб барлық қажетті инфрақұрылымды, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер футбол орталығын құрды.

Биыл ақпан айында «Жас Қыран» футбол орталығының негізін қалаушылар Берік Қаниев пен Марат Әбділдабеков Қазақстан чемпионатына қатысатын кәсіби команда жариялау ниеті туралы мәлімдеді. Берік Қаниевтің айтуынша, «Жас Қыранның» мақсаты - жас футболшыларды жоғары көтерілетін «трамплинмен» қамтамасыз ету.

«Ересектер футболына аяқ басатын сәтке жеткен балалар командасыз қалмай, өздерін дәлелдеуге мүмкіндік алса дейміз. «Жас Қыран» футболды дамыту пирамидасын бүкіл әлемде жасалып жатқандай, төменнен бастап қолға алады», - деп түсіндірді Берік Қаниев кәсіпқой команда құру туралы шешімді.

«Қайрат» чемпиондық ойын көрсетуі керек. Егер төрешілер араласпаса, «Тобыл» «Астананы» жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер