русский язык

«Қайрат» чемпиондық ойын көрсетуі керек. Егер төрешілер араласпаса, «Тобыл» «Астананы» жеңеді»

«Қайрат» чемпиондық ойын көрсетуі керек. Егер төрешілер араласпаса, «Тобыл» «Астананы» жеңеді»
news-banner7
mobile-news-top

Жексенбі мен дүйсенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 3-тур матчтары өтеді.

Prosports.kz тілшісі қазақстандық футболдың ардагері Құралбек Ордабаевпен сөйлесіп, чемпионаттың алдағы матчтарына болжамын сұрады.

- Құралбек Досжанұлы, тур Ақтауда басталады, «Каспий» талдықорғандық «Жетісумен» кездеседі. Бұл матчта кім жеңеді деп ойлайсыз?

- Мен бұл матчта тең нәтиже болады деп болжаймын. «Каспий» мен «Жетісу» - шамамен бірдей деңгейдегі командалар, көбіне жергілікті ойыншылар өнер көрсетеді.

- Батыс дербиінде «Атырау» «Ақтөбені» қабылдайды. Алаң иелері чемпионаттағы алғашқы ұпайын еншілей ала ма?

- Егер төрешілер бұл матчта жоғары деңгейде жұмыс істесе, «Атырау» «Ақтөбені» жеңуі керек. Алаң иелері басым түседі деп ойлаймын.

- Ал оңтүстік дербиінде түркістандық «Тұран» «Қайсармен» күш сынасады. Қай команда басым түсуі мүмкін?

- Меніңше, тең нәтиже болады. «Қайсар» маусым басында екі рет сәтсіз ойнады, «Тұранның» Алматыдағы ойыны көңіл көншітпеді. Бапкерлер алдыңғы матчтардан нәтиже шығарады деп ойлаймын сондықтан матч тең аяқталады.

- Дүйсенбіде қарағандылық «Шахтер» «Қызыл-Жар СК» командасына қонаққа барады. Бұл матчтың фавориті кім болады?

- «Шахтер» 1:0 есебімен жеңеді деп ойлаймын. Қарағандылықтар елордада «Ордабасыға» есе жіберді, бірақ өз алаңына қарағанда түзде жақсырақ ойнайды.

- «Ордабасы» «Ақжайықпен» кездеседі. Шымкенттік клуб тағы да жеңе ала ма?

- «Ордабасы» «Ақжайықты» жеңетініне 100 пайызға сенімдімін. Бұл шымкенттік клубтың өз алаңындағы алғашқы матчы болады. «Ордабасы» осы маусымда жоғары орындарды алуды мақсат етіп отыр, сондықтан былтырғы қателігін қайталамауы керек. Мұндай матчтарда сүрінуге болмайды.

- Алматылық «Қайрат» өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Қонақтар ұпай ала ала ма?

- Ауыр ойын болады. Барлық команда Алматыдағы керемет стадионға ерекше жігермен келеді. «Қайратқа» қарсы бәрі күш-жігермен ойнайды. Алаң иелері чемпиондық ойын көрсетуі қажет. «Қайрат» жеңеді деп ойлаймын.

- Турдың орталық матчында «Астана» мен «Тобыл» күш сынасады. Матч қандай нәтижемен аяқталуы мүмкін?

- Григорий Бабаян өз командасын маусымның басына жақсы дайындады. «Тобыл» Суперкубокты жеңіп алды, чемпионатта бір жеңіп, бір мәрте тең ойнады. Қазіргі уақытта қостанайлық клубтың футболшыларының 80 пайызы бабында, оны ойыншылар Қазақстан құрамасында көрсетті. Егер төрешілер нәтижеге әсер етпесе, онда «Тобыл» жеңіске жетуі керек. Әрине, «Астана» күресіп, Суперкубоктағы жеңіліс үшін есе қайтаруға тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;