ММА

Нурмагомедов мансабын аяқтады

Нурмагомедов мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовке (29-0) тиесілі жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің (70 кг) вакантты болғанын ресми растады, деп жазады Prosports.kz.

«29-0! Ол мансабын 100% аяқтады. Хабиб, барлығы үшін рахмет, алдағы өміріңізге сәттілік тілейміз», - деді Уайт.

Кейінірек жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің вакантты екені белгілі болды. Оны Чарльз Оливейра мен Майкл Чандлер 16 мамырда өтетін UFC 262 турнирінде өзара сарапқа салады.

Өз кезегінде Хабиб командасына, жанкүйерлерге және UFC-ге алғыс айтты. Әрі ұйым басшысы Дана Уайтты ерекше атап өтті.

Айта кетейік, 32 жастағы Хабиб Нурмагомедов UFC-дегі дебютін 2012 жылдың қаңтарында өткізді. Тоғыз жыл ішінде файтер промоушенде 13 рет жеңіске жетті. 2018 жылдың сәуірінде Нурмагомедов жеңіл салмақтағы чемпиондық титулға ие болды. Соңғы үш жылда чемпиондық белбеуін үш рет сәтті қорғады.

Ресейлік файтер былтыр қазан айында өткен UFC 254 турнирінде соңғы рет октагонға шықы. Онда Джастин Гейджиді екінші раундта жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер