Александр Бублик АТР рейтингісінде жоғарылады

<span>Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) кезекті рет рейтингті жаңартты. Жаңарған рейтингте қазақстандық Александр Бублик біршама жоғарылаған. </span>
<span>46-шы орында тұрған спортшы 43-ші сатыға көтерілді. Айта кетелік, бұл Бубликтің өз мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі. Сондай-ақ, қазақстандық Михаил Кукушкин алғашқы жүздікке еніп, 96-шы орынға тұрақтаған. </span>
<span>АТР рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр. Екінші орында испаниялық Рафаэль Надаль, үшінші сатыда ресейлік Даниил Медведев.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или