Зарина Дияс WTA рейтингісінде бір саты төмендеді

Зарина Дияс WTA рейтингісінде бір саты төмендеді

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жекелей және жұптық ойындардағы жаңа рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа рейтингте аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. ТОП-3 қатарына жапониялық Наоми Осака мен румыниялық теннисшісі Симона Халеп енді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын Елена Рыбакина сақтап қалды. Ол 23-орында тұр. Юлия Путинцева 28-орынға жайғасса, Зарина Дияс бір саты төмендеп, 84-орыннан көрінді. 

Жұптық сында беларусьтік Арина Соболенко үздік тұр. Одан кейін бельгиялық Элиза Мертенс пен Тайвань өкілі Се Су-Вей жайғасқан.

Қазақстандық Галина Воскобоева 75-орыннан 76-орынға төмендеді. Анна Данилина 145, Путинцева 195-орынға тұрақтады (-1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или