«Астана» жаңа ойыншымен келісімшартқа отырды

Ресейдің «Тамбов» командасында доп тепкен Валерий Чуперка «Астанамен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы Prosports.kz сайтының эксклюзивті серіктесі Transfermarkt порталы хабарлады.
Қазір елордалық ұжым Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Клуб команда сапына жартылай қорғаушы келіп қосылған.
«Тамбовтан» еркін агент ретінде кеткен Валерий Чуперка «Астанаға» тегін қосылды. Молдова мен Ресей азаматтығы бар футболшы Қазақстанда легионер саналмайды.
Биылғы маусымда Валерий Чуперка «Тамбов» жейдесінде Ресей Премьер-лигасында 16 матч өткізіп, 2 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или