Футзал

Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Минскіде өтпейді

Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Минскіде өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Чемпиондар лигасының «сегіздік финал» кезеңі Хорватияда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир бастапқыда 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Минскіде өтуі керек еді.

УЕФА Атқарушы комитеті Беларусь еліндегі эпидемиологиялық ахуалды, сондай-ақ Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне қатысатын командалар мен ресми тұлғалардың жүріп-тұруына кедергі келтіретін бірқатар шектеулерді ескере отырып, турнирді аталған елде өткізбеуді шешті.

Беларусь футбол федерациясымен келіскеннен кейін УЕФА Атқарушы комитеті турнир өткізуге балама орын табуға шешім қабылдады.

Хорватия футбол қауымдастығы финалдық кезеңді өткізуге дайын екендігін білдіргендіктен, УЕФА Атқарушы комитеті Загребті турнир өтетін орын ретінде бекітті.

Айта кетейік, «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бенфикамен» кездеседі.

Чемпиондар лигасы: Ширек финалда кімдердің жолы түйісті

Кака «Бенфикамен» матч жайлы: Кімнің мықты екенін ойын шешеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер