Футзал

Чемпиондар лигасы: Ширек финалда кімдердің жолы түйісті

Чемпиондар лигасы: Ширек финалда кімдердің жолы түйісті
news-banner7
mobile-news-top

2020/2021 жылғы маусымдағы футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалдық жұптары анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Қарсыластар клубтық рейтинг бойынша жұпталды. Коэффициенті ең жоғары команда ең аз ұпайға ие командамен кездеседі.

Осы ереже бойынша, ширек финалға қатысушыларының арасында 4-орында тұрған «Қайрат» 5-орындағы португалиялық «Бенфикамен» кездеседі.

Жартылай финалға шығу үшін:

Ширек финал 1: «Барселона» (Испания) (рейтингте 1-орындағы команда) – «Добовец» (Словения) (8)

Ширек финал 2: «Интер» (Испания) (2) – «Югра» (Ресей) (7)

Ширек финал 3: «Спортинг» (Португалия) (3) – КПРФ (Ресей) (6)

Ширек финал 4: «Қайрат» (Қазақстан) (4) – «Бенфика» (Португалия) (5)


Жартылай финалдық жұптар келесідей орналасады:

1 жартылай финал: ШФ1 жеңімпазы - Шф4 жеңімпазы

2 жартылай финал: ШФ2 жеңімпазы - ШФ3 жеңімпазы


Финал: ЖФ1 жеңімпазы - ЖФ2 жеңімпазы

1/4, 1/2 финал және финалдық кездесулер Минскіде «Минск Арена» спорт кешенінде 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді.

Айта кетейік, 1/8 финалда екі қазақстандық команда бақ сынады. «Қайрат» румыниялық «Юнайтед Галацты» 6:1 есебімен жеңіп, ширек финалға өтті. Ал «Ақтөбе» словениялық «Добовецке» 1:2 есебімен есе жіберді.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ширек финалға шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер