Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ширек финалға шықты

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Қайрат» пен «Юнайтед Галац» (Румыния) кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл ойында «Қайрат» қарсыласын 6:1 есебімен еш қиындықсыз жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды.
Ойынның бірініш таймы 2:0 есебімен алматылық команданың пайдасына шешілді. Екінші тайм да толықтай алаң иелерінің басымдылығымен өтті. Тізгін тартпай шабуылдаған алматылықтар есепті 5:0-ге жеткізді. Осыдан кейін қонақтар бір гол соғып, есеп айырмасын сәл қысқартқанымен, ойын нүктесін Біржан Оразов қойды. Осылайша, қорытынды есеп 6:1 болды.
Осыдан екі күн бұрын «Ақтөбе» словениялық «Добовец» командасына 1:2 есебімен есе жіберіп, ширек финалға шыға алмаған еді.
Айта кетейік, 1/16 финалда «Қайрат» сырт алаңда беларусьтік «Витенді» 5:3 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өткен болатын.
УЕФА Чемпиондар лигасы – 2020/21. 1/8 финал.
«Қайрт» – «Юнайтед Галац» 6:1 (2:0)
Гол cоққандар: Ранжел 4, Савио 12, Фернандиньо 23, Эдсон 29, Есенаманов 34, Оразов 39 – Крэчюн 38.
«Қайрат»: Игита (Қ, К), Эдсон, Савио, Тұрсағұлов, Оразов, Дуду (Қ), Умберто, Ранжел, Акбаликов, Есенаманов, Диего, Гадейя, Фернандиньо, Өмірбаев.
«Юнайтед Галац»: Диникуцэ (Қ), Бурдужел (К), Такот, Крэчюн, Араужо, Пэдурару (Қ), Някшу (Қ), Кожокару, Архире, Чиреш, Кришан, Игнат, Петикэ, Бошнягэ.
20 ақпан. Алматы облысы «Нұр-Аман» СК.