Футзал

Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» ширек финалға шыға алмады

Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» ширек финалға шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Ақтөбе» мен «Добовец» (Словения) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:2 есебімен аяқталды. «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының ширек финалына шыға алмады.

Ойынның бірініш таймы 1:0 есебімен ақтөбелік команданың пайдасына шешілген. Алайда алаң иелері екінші таймды аса сәтсіз бастады. Қонақтар бірден қос гол соғып, есепте алға шықты. Осыдан кейін ақтөбеліктерге есепті теңестірудің сәті түскен жоқ.

Айта кетейік, 1/16 финалда «Ақтөбе» қонақта грекиялық АЕК-ті 5:2 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өткен болатын.

УЕФА Чемпиондар лигасы – 2020/21. 1/8 финал.

«Ақтөбе» – «Добовец» 1:2 (1:0)

Гол cоққандар: Витао 9 - Матошевич 21, Душчак 24

18 ақпан. Алматы облысы «Нұр-Аман» СК.

«Ақтөбе»: Байралиев (қ), Кнауб, Део, Клочко, Витао, Жеткірбаев (қ), Иманалин (К), Сатжан, Күлбаев, Дәулетов, Қарағұлов, Сәрсенбаев, Эленилсон, Тыныштықбаев.

«Добовец»: Пушкар (қ), Мордей (К), Чуец, Турк, Новак, Печек (қ), Печек, Чех, Перич, Матошевич, Душчак, Гориншек, Цесарец.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер