Футзал

Кака «Бенфикамен» матч жайлы: Кімнің мықты екенін ойын шешеді

Кака «Бенфикамен» матч жайлы: Кімнің мықты екенін ойын шешеді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бас бапкері Пауло Рикардо Фигейра Силва (Кака) Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы жеребе жайлы өз ойың айтты.

- Клубтар рейтингі бойынша «Қайратқа» «Бенфикадан» басқа қарсылас түспейтінін білген кезде қандай сезімде болдыңыз?

- Егер барлық фавориттер 1/8 финалда жеңіске жететін болса, онда тор дәл осындай болатынын білдік. Кезең өткен сайын қарсыластардың деңгейі де күшейе түседі. Бәрі де мықты. Сондықтан, «Бенфикамен» ойнайтынымызды білген кезде ерекше сезімде болдым деп айта алмаймын.

- «Бенфикамен» өтетін матчқа команда қалай дайындалып жатыр, қорқыныш жоқ па?

- Қорқатын уақытымыз да жоқ. Кезең-кезеңмен дайындалып жатырмыз: алдымен, «Юнайтед Галацты» зерттедік, кейін «Бенфикаға» дайындықты бастадық. Біз қазірдің өзінде румын клубымен матчтан кейін жаттығу процесіне оралып жатырмыз, алда Қазақстан чемпионаты мен УЕФА Чемпиондар лигасында өте маңызды матчтар бар.

- «Бенфикаға» арнайы дайындаласыз ба? Қосымша зерттеп дегендей. Немесе турнирдің осы кезеңінде командалардың мықты-осал тұстары айқын байқалып тұра ма?

- Менің ойымша, әр команда қарсыластарына қандай да бір тосынсый дайындайды. Бірақ оны білу үшін қарсыластың қатарына жіберетін барлаушы керек (күлді). Сондықтан әдеттегідей дайындаламыз. Олардың не дайындап жатқанын біле алмаймыз, тек болжаймыз. Бірақ ол да дұрыс болмауы мүмкін.

- Күтпеген жоспар дайындап, португалдықтарды таңқалдырау ойда бар ма? Әлде «Қайрат» әдеттегідей бақытын шабуылдан іздеп, қарсыласқа бейімделмей ме?

- Бапкер ретінде айтарым, әр команда өз ойының ойнауы керек. Әйткенмен, қарсыласты бүге-шүгесіне дейін зерттеп, ұтымды тактика қолдануға тырысамыз.

- «Қайраттың» «Бенфикадан» басты артықшылығы, және кемшілігі неде?

- Басты артықшылық матчтың қай жерде өтетіні анықталғаннан кейін белгілі болады - Минскіде, Алматыда, Мәскеуде немесе Португалияда. Көп нәрсе осыған байланысты. Деңгейлес командалар жолығады, ал кімнің мықты екенін ойын шешіп береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер