Хоккей

«Qazaqstan Hockey Open» турнирі Алматы мен Қарағандыда өтуі мүмкін

«Qazaqstan Hockey Open» турнирі Алматы мен Қарағандыда өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда «2021 Qazaqstan Hockey Open» турнирі басталар алдында баспасөз конференциясы өтті.

Ұйымдастырушылар өкілі Глеб Каратаев халықаралық біріншіліктің перспективалары туралы айтып берді.

- Турнир тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, сондай-ақ Алматы мен Қарағандыда өтуі мүмкін. Мұны қатысушы-командалармен ақылдасатын боламыз. Өкінішке орай, толыққанды турнир үшін бізде төртінші команда болмай отыр. Пандемия жоспарды бұзды. Оңтүстік Корея командасы мен төрт еуропалық құрама қатысуға ниет білдірген еді. Алайда локдаун және елге оралғандағы шектеулер аяққа тұсау болып отыр. Яғни олар екі апта локдаунда болулары тиіс, ал бұған мүмкіндік жоқ.

Көбірек ойын жинап, мүмкіндігінше көп ойыншыларды көру үшін біз Қазақстан фармын құруды шештік. Оңтайлы құрамды жинап, барлық жігіттердің шамасын байқау. Бұл таптырмас, керемет мүмкіндік. Мұндай мүмкіндік бізде әлем чемпионатының алдындағы жиындарда ғана болады. Оған қоса, Еуропаға оқу-жаттығу жиындарына бару жоспарланып отыр. Турнир көрерменсіз өтеді. Аренада «таза» аймақтар ұйымдастырылды. Аренада болатын бүкіл персонал қайта-қайта термометриядан өтіп, ПТР-тестілер тапсырып отырады. Барлық қызметкерлер, ұйымдастырушылар, сондай-ақ командалар дайын ПТР-тесттермен келеді. Уақытылы кету үшін ұйымдастырушы комитет өтінген бойда тестті осы жерден тапсыруға мүмкіндік береді. Қазақстан чемпионаты мен ҚХЛ жүйесі бойынша «таза» аймақтар дайын.

Мұндай турнир ұдайы өтіп отырады деп үміттенеміз. Біз бұрын мұндай турнирлерге қатысып жүргенімізбен, өзімізде өткізбегенбіз. Кеңінен насихаттау үшін оны Қазақстанның басқа қалаларында да, Алматы немесе Қарағандыда да өткізе аламыз. Осылайша ондағы ареналар халықаралық стандарттарға сай болмақ.

Турнир халықаралық, жолдастық сипатқа ие, сондықтан қос құраманың да бапкерлері қандай да бір мәселелерді шешу үшін ойыншылармен алмасуға құқылы болады, сол себепті де қызық өтпек.

- Командалар оқшаулана ма?

- Иә, Ресей мен Беларусь командалары бір қонақүйде тоқтайды. Ол ҚХЛ-дың көптеген командасын қабылдаған. Оларда жайларды тазалау және командаларды қабаттар бойынша жайғастыру жүйесі жолға қойылған. Сондай-ақ тамақтануға, командалық жиындар өткізуге арналған жайлар ұйымдастырылады. Командалардың кездесу қаупі барынша азайтылды. Қазақстанның басқа қалаларынан келетін Қазақстан құрамасының ойыншылары да бөлек қонақүйде тұрады.

- Жанкүйерлер матчтарды қайдан тамашалай алады?

- Барлық матчтардың көрсетілімдері «QAZSPORT» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін болады. Сондай-ақ матчтарды жақсы сапада Ligasy.kz платформасынан көруге болады. Ол жаққа мұндай мүмкіндікті интеграцияладық. Беларусь пен Ресей елдерінің жанкүйерлері де матчтарды елдерінің спорттық телеарналарынан тамашалауға мүмкіндік алады.

- Турнир матчтарына кім төрелік етеді?

- Төрешілер тағы да Қазақстан хоккей федерациясының төрешілер алқасынан болмақ. Бұл біздің ең үздік төрешілер, олар халықаралық федерацияның IIHF лицензиясына ие. Егер биыл көптеген дивизиондар өтетін болғанда, бұл төрешілер халықаралық турнирлерде, іріктеу матчтарында қызмет етер еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер