Әлем футболы

Роналду Саудияның туризм туралы ұсынысынан бас тартты

Роналду Саудияның туризм туралы ұсынысынан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы билігінің ел туризмі бойынша жарнама науқанына қатысу туралы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, арабтар португалиялық жұлдызға 6 миллион еуро төлеуге дайын болған, бірақ ол бәрібір бас тартқан екен.

Саудиялықтар «Барселонаның» капитаны Лионель Мессиге осындай шарттар ұсыныпты, ал оның жауабы әлі белгісіз.

Сауд Арабиясы жарнама науқанына футбол жұлдыздарын тарту арқылы туристік тартымдылығын арттыруға тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер