ММА

Хамитовтың Ресейдегі жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Хамитовтың Ресейдегі жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Магнитогорск қаласында аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Қуат Хамитова өнер көрсетеді. 32 жастағы отандасымыздың қарсыласы - 22 жастағы ресейлік Алексей Ильенко.

Ильенко Калининградтың тумасы, қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы. Хамитовқа қарсы жекпе-жек ол үшін AMC Fight Night Global лигасындағы алғашқы кездесу саналады.

Қазақстанда Ильенко - Хамитов жекпе-жегі «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі, трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Айта кетейік, Хамитов соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 25 қыркүйегінде өткізді. Онда жерлесіміз Ахмеджан Боковты екінші раундта жеңген болатын.

«Бізді қиын кезеңдер күтіп тұр». Хамитов тағы да даулы мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер