Қалмұратов «Атырауға» оралды

Қалмұратов «Атырауға» оралды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық қорғаушы Қуаныш Қалмұратов «Атырау» футбол клубына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы атыраулық клубтың ресми сайты хабарлады.

24 жастағы Қалмұратов өткен маусымда «Қайсарға» жалға берілген. Бірақ ол қызылордалық клуб сапында тек 2 матчқа ғана қатысты.

Атырау футболының түлегі Қуаныш Қалмұратов «Атыраудағы» алғашқы ойынын 2015 жылы 15 сәуірде сырт алаңда «Жетісуға» (2:1) қарсы ойында өткізді. Содан бері 93 матчқа қатысып, 3 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер