АТР 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жаңартты

АТР 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жаңартты

<span>Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) 2021 жылғы ATP Tour күнтізбесін жаңартты. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды. </span>

<span>Биыл АТР 250 санатындағы жаңа екі турнирдің тұсауы кесіледі. Оның бірі – Австралия ашық чемпионатынан (22-28 ақпан) кейін бір аптадан соң басталатын Сингапурдегі жарыс. Екіншісі Испанияның Марбелье қаласында Майамидегі «Мастерс» (5-11 сәуір) бәсекесінен кейін өтеді. </span>

<span>Сәуір айында Будапештте өтетін Hungarian Open турнирі енді Сербияның Белград қаласына ауыстырылды. Аталған жарысты Новак Джоковистің ағасы ұйымдастырмақ. </span>

<span> 2021 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы жарыс өтпейді. Ал қалған бәсекелердің күнтізбедегі уақыты ауысқан жоқ.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или