Кіші-Крис Юбэнк: Маған Головкин керек!

Кіші-Крис Юбэнк: Маған Головкин керек!

Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион кіші-Крис Юбэнк жаңа жаттықтырушы, бұрынғы әлем чемпионы кіші Рой Джонстың жетекшілігімен жаттығуды бастады, деп жазады Prosports.kz.

31 жастағы боксшы 2021 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр: сәуірде, жазда және жылдың соңында.

Юбэнктің промоутері Евбанк Калле Зауэрлендтің айтуынша, олардың басты мақсаты - қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесу.

Ал Кристің өзі орта салмақтағы IBF чемпионымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтады.

«Team Sauerland промоутерлік компаниясы дер кезінде ұсыныс жасады, ал мен олардың ұсынысынан бас тарта алмадым. Қазір мансабымдағы ең биік белеске жеттім. Титулға үміткермін, менде жаңа жаттықтырушы және жаңа промоутер бар. Бір сөзбен айтқанда: маған Головкин керек!», - деп келтіреді боксшының сөзін The Independent.

Айта кетейік, Головкин британиялық боксшымен 2016 жылы кездесуі керек еді. Бірақ соңғы сәтте қос тарап жекпе-жек шарттары туралы келісе алмады. Нәтижесінде отандасымыз Юбэнктің орнына Келл Брукпен кездесті.

Кіші-Крис Юбэнк: Головкинмен жекпе-жек өткізбей, мансабымды аяқтағым келмейді

Головкин британиялық боксшымен қашан кездеседі

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или