Әлем футболы

Рауль коронавирус жұқтырды

Рауль коронавирус жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Рауль Гонсалес коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Мадридтік клубтың қосалқы командасы - «Кастильяның» бас бапкері карантинге жабылады. Ол «Хетафенің» екінші командасына қарсы матчқа қатыса алмайды.

43 жастағы маман қаңтар айының соңында жұмысына оралады деп болжанып отыр. Бірақ жаттықтырушының алдағы жоспары тест нәтижелеріне байланысты болады.

Айта кетейік, «Кастилья» бір айдан бері матч өткізген жоқ. Команданың соңғы кездесуі 13 желтоқсанда өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер