Әлем футболы

Ибрагимович 23 жыл қатарынан гол соқты

Ибрагимович 23 жыл қатарынан гол соқты
news-banner7
mobile-news-top

Италия А сериясының 18-туры аясында «Милан» сырт алаңда «Кальяри» командасын 0:2 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында екі гол соққан «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович тағы бір керемет жетістікке қол жеткізді.

«Кальяри» қақпасын дәл көздеген Ибрагимович 23 жыл бойы үзбей гол соғып келе жатқан ойыншы атанды.

Швециялық шабуылшы алғаш рет 1999 жылы өз елінің чемпионатында гол соққан. Содан бері бірнеше елдің чемпионатында өнер көрсетіп, жыл сайын мергендік танытып келеді.

39 жастағы футболшы биыл Италия чемпионатында 8 ойынға қатысып, 12 гол соқты.

Айта кетейік, Златан бұған дейін «Мальмё», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», ПСЖ, «Манчестер Юнайтед», «Лос-Анджелес Гэлакси» қатарлы командаларда өнер көрсетті.

伊布造点命中

伊布第二球

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер