Ресми: «Қызыл-Жарды» Андрей Карпович жаттықтырады

Ресми: «Қызыл-Жарды» Андрей Карпович жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

«Қызыл-Жар» футбол клубының бас бапкері қызметіне 39 жастағы қазақстандық маман Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы петропавлдық клуб ресми мәлімдеді.

Оның көмекшісі қызметін Юрий Чухлеба атқарады. Борис Глушков дене шынықтыру жаттықтырушысы, ал Александр Петухов қақпашылар бапкері болып тағайындалды.

Айта кетейік, Карпович бұған дейін «Оқжетпестің» бас бапкері болып жұмыс істеді. Ол көкшетаулық команданы екі маусым бойы жаттықтырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер