ММА

UNDERDOG спорт агенттігі мен Octagon лигасы бірікті

news-banner7
mobile-news-top

UNDERDOG спорт агенттігі мен қазақстандық Octagon Promotion лигасы бірікті. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

– Бұл біздің ортақ шешіміміз. UNDERDOG жеке промоушен ашуды қарастырған. Өйткені спорт агенттігі бір орында тоқтамай, алға жылжуы қажет еді. Дегенмен Octagon Promotion лигасының негізін қалаушы Нұраддин Садықовпен сөйлескенде мақсатымыз да, ойымыз да бір жерден шықты. Осылайша, Қазақстан мен Орта Азия файтерлерінің басын қосатын лига құруды шештік.

Octagon-ға келген файтерлер Еуразияда танымал болып, батыс промоушендеріне жолы ашылады. Жоба бойынша біздер бірнеше бағытта жұмыс істейміз. Бұл еліміздегі ММА спортының дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз. Осы жұмысты істеу үшін UNDERDOG PRO компаниясы құрылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ММА спорты жақсы дамып келеді. Біздің мақсат өзге промоушендермен бәсекеге түсу емес, жас файтерлерді үлкен спорт жолына жіберу. Жарыстарымызда тек Қазақстан емес, Орта Азияның өзге елдерінің, көрші Ресей, одан бөлек Түркия, Украина мен Әзірбайжанның файтерлері жұдырықтасады. Сапалы бәсекелестік жергілікті файтерлердің шыңдалуына әсер етеді. Осылай ғана әлемдік деңгейге шыға аламыз, - деді UNDERDOG атқарушы директор Қанат Рахымжанов.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер