Бокс

«Асыға күтемін». Роналду Головкин – Шеремета жекпе-жегін күтіп жүр

«Асыға күтемін». Роналду Головкин – Шеремета жекпе-жегін күтіп жүр
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің титулды жекпе-жегіне сәттілік тіледі, деп жазады Prosports.kz.

Португалиялық футболшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында Головкиннің Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегін асыға күтіп жүргенін жазды.

«Мен үздік боксшы Геннадий Головкиннен бокс жайлы бірнеше нұсқаулық алдым. Өз ісін нағыз шебері. Осы жұма күні кешке өтетін оның кезекті жекпе-жегін көруге асықпын», - деп жазды Роналду. Сондай-ақ ол екі танымал спортшының бірлескен жобасы «Параллель әлем» деректі фильмінен үзінді жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин – Камил Шеремета жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 19 желтоқсан таңертең Голливудта (Флорида, АҚШ) өтеді. Осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық Әли Ахмедов екінші орта салмақта әлем чемпионды атағы үшін кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер