Бокс

Мадияр Әшкеев мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

Мадияр Әшкеев мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін таңертең Лос-Анджелесте қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) пен америкалық Чарльз Конуэлл (13-0, 10КО) арасындағы жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл жекпе-жекке дейін қос боксшы да жеңілістің ащы дәмін татпаған еді. Мадияр Әшкеев алдыңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында өткізген. Ол кезде жерлесіміз бесінші раундта аргентиналық Родольфо Мартинесті (44-9-3, 16 КО) жеңген болатын.

Америкалық Чарльз Конвэллге келетін болсақ, ол өзінің соңғы жекпе-жегін осы жылдың қазан айында өткізді. Тоғызыншы раундта жерлесі Уэнди Туссейнтті (12-1, 5 КО) нокаутқа жіберді.

23 жастағы америкалық боксшы ринг қожайыны ретінде алғашқы минуттардан үстемдік танытты. Мадиярдың өз боксын көрсетуіне мүмкіндік бермеді. Чарльздың үздіксіз бағыттаған соққыларына жерлесіміз қарсылық таныта алмады.

Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылмады. Тоғызыншы раундтан кейін Әшкеевтің бапкерлері шайқасты жалғастырудан бас тартты. Тоғыз раунд бойы жекпе-жек Конуэллдың басымдығымен өтті.

Осылайша, Әшкеев мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Чарльз Конуэлл он төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер