«Бесінші раундта сұлатып түсіремін». Әлімханұлы жапон боксшысын рингке шақырды

«Бесінші раундта сұлатып түсіремін». Әлімханұлы жапон боксшысын рингке шақырды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жапон боксшысын рингке шақырды, деп жазады Prosports.kz.

Twitter-дегі аккаунтында Әлімханұлы жаңа жекпе-жек туралы үндеуді Top Rank президенті Боб Арумға және WBA бокс қауымдастығына жіберді. Жапондық орта салмақтағы үздік боксшы Риота Мурата (16-2, 13 КО) «қазақ стилінің» жаңа нысаны болды.

«Келіңіздер, осы жекпе-жекті ұйымдастырайық. Мен оны бесінші раундта нокаутқа түсіремін. Top Rank бұл жекпе-жекті ұйымдастыра алады, мен оны өте оңай жеңе аламын! Бокс жанкүйерлеріне жаңа чемпион керек», - деп мәлімдеді қазақстандық боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или