Джошуа төрт салмақтағы белбеуін қорғап қалды

Джошуа төрт салмақтағы белбеуін қорғап қалды

Британиялық боксшы Энтони Джошуа ауыр салмақтағы WBA Super, WBO, IBF, IBO чемпиондық белбеулерін қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен кеште Энтони Джошуа болгариялық Кубрат Пулевпен жұдықтасты. 12 раундқа жоспарланған айқас аяғына жетпеді. Джошуа 10 раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Осылайша Энтони Джошуа мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізіп, әлем чемпионы белбеулерін қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или